«CHANEL №5»

Авторы: Мәдина Омарова

 

«CHANEL №5»

(ДЕРЕКТІ ДРАМА)

 

А.Л.Ж.И.Р. тұтқын-әйелдерінің рухтарына арналады

Қойылым тобы:

Сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы-режиссер

  • Асхат МАЕМИРОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы

Сценография және костюм суретшісі

  • Тамри ОХИКЯНИ (Грузия)

Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты

Режиссердің ассистенттері –

  • Ерназар Жаңатілек

Оразалы Игілік

Қоюшы-хормейстер

  • Ғалымжан Берекешов,

Мәдениет саласының үздігі

Қоюшы-балетмейстер

  • Уәлитбек Сиязбек

Жарық қою суретшісі

  • Айдын Досаев

Дыбыс режиссері

  • Сабина Ильясова

Режиссердің көмекшісі –

  • Гүлдана Әбдісадық

Редакторлары – Ерлік Сапабеков, Алтынай Маханбет

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Гүлжамал Майлина

(жазушы Бейімбет Майлиннің жары)

         – Самал Еслямова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

                 Мақпал Дүйсен

Хамит Ақсуатов

 (тергеуші, әрі көшпелі сот төрағасы)

  • Оразалы Игілік

Дінислам Нұрмағанбетов

Еламан Иманбай

Жанбике Шанина –

(қазақтың тұңғыш кәсіби театр режиссері Жұмат Шаниннің жары, театр актрисасы)

  • Замира Сапар

                  Шынар Қалдыбай

Дәмеш Ермекова-Жүргенова –

(Халық комиссары, Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің жары, бала дәрігері)

  • Инабат Ризабекова

             Дана Қабылова

Наталья Сац – (Кеңес және Ресей театр режиссёрі, әлемдегі тұңғыш әйел опера режиссёрі, театр қайраткері, драматург, педагог)

  • Гүлдана Әбдісадық

             Нұрай Рысбекова

Софья Колчак – (ақ гвардия қолбасшысы, адмирал А.В.Колчактың әйелі)

  • Альфия Хайзуллиева

Дария Болсанбек

Рахиль Мессерер-Плисецкая – (ивестная Советская акртиса кино, мать известной балерины М.Плицеской)

  • Сабира Сугурова

             Диана Туржанова

Жюльетт – (француз әйелі, актриса)

  • Арелана Амангельдиева

              Аяжан Бағдат

Гертруда Платайс – (Германияда туып өскен неміс әйелі)

  • Жансая Өмірбекова

              Лаура Аязбаева

Кира Андронникашвили – (әйгілі грузин актрисасы, кеңестік жазушы Борис Пильняктың жары)

  • Мақпал Дүйсен

             Жанель Есенгельдина

Евдокия Меланич –  (серб қызы, монахиня. АЛЖИР-де 12 монахиня отырған, кейін олар түгелдей атылған.)

  • Жансұлу Төлеген

             Диана Нагметуллаева

Александра – (революционерка, ярая коммунистка, партийный работник, тайна работает на начальства лагеря)

  • Дана Верещак

             Альбина Хамидуллина       

Сергей Баринов – (1939-1953 жылдар аралығындағы  АЛЖИР лагерінің  бастығы)

  • Азат Мыңбаев

 Абзал Арапов

Юрий Узипенко (АЛЖИР лагері бастығының орынбасары)

  • Ерназар Жаңатілек

Мұхамедсаид Бағашаров

Елестер:

Бейімбет Майлин (көрнекті жазушы-драматург, репрессия құрбаны)

  • Қазыбек Есқара

Ермахан Аймахан

Темірбек Жүргенов (Қазақ ССР-інің Халық комиссары, Мемлекет және қоғам қайраткері, репрессия құрбаны)

  • Саламат Мұқашев

Еламан Иманбай

Жұмат Шанин (қазақтың тұңғыш кәсіби театр режиссері, драматург, репрессия құрбаны)

  • Расул Усманов

Сұлтан Кеңшілік

Жан Поль (француз жігіт)

  • Ернар Мұхамбет

Бала-Хамит (15 жаста)

  • Жасұлан Абдрахман

Әйел-тұтқындар:

Гүлбахрам Сейфуллина  – Нұрай Рысбекова

Гүлдана Әбдісадық

          Айша Құлымбетова  –        Диана Тұржанова

Сәбира Сүгірова

          Күләндам Қожанова  –       Шынар Қалдыбай

Замира Сапар

          Шахзада Аймағанбетова  – Дана Қабылова

Инабат Ризабекова

Мәдина Усманова    –     

Альбина Хамидуллина

Дана Верещак

Екатерина Шевчук   –       

Дария Болсанбек

Альфия Хайзуллиева

Любовь Бабицкая  –          

Аяжан Бағдат

Арелана Амангельдиева

Ирина Бабченко – 

Лаура Аязбаева

Жансая Өмірбекова

Күзетшілер  –

Азамат Болатов,

Алихан Әлішер

Ақәділ Иманғали,

Мағжан Омар,

Талғат Кеңес,

Шынғыс Тельманов,

Бақдәулет Оралов

Айдын Қожахмет

Ислам Асылхан

Көпшілік сахнада: театр артистері

Адамзат тарихында орын алған ең үлкен қасіретті терорлардың бірі -1937-1954 жылдар аралығындағы  Сталиндік репрессия екені белгілі.

Ұлттық мүдде мен елдік мақсатты ту еткен, отандық білім мен ғылымның, өнеріміз бен мәдениетіміздің ілгерілеуіне ат салысқан Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин,  Т.Жүргенов, Ж.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Шанин сынды өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың саяси элитасы «халық жауы» деген жазықсыз қиянатпен қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесіліп, тірі қалғандары түрмеге тоғытылды.

Ұлттық идея үшін басын бәйгеге тігіп, Алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстар тобы түгелге дерлік жалған жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болса, олардың жарлары, ұл-қыздары да озбыр қоғамнан жазықсыз жапа шекті.

Кеңестік тоталитарлық жүйе «халық жауларының» жарларын да сатқын есебінде қамауға алу жөнінде бұйрық шығарды.  Осы бұйрықпен жазықсыз 20 мыңнан астам әр өлкеден, әрбір жерден жиналған әйелдер темір торға қамалып, Қазақстан аумағындағы КарЛАГ-тың филиалы саналатын, халық арасында «А.Л.Ж.И.Р. лагері» (Акмолинский лагерь жён изменников Родины) сол кездегі Ақмола қаласының іргесіндегі 26-шы жұмысшы поселкесінің аумағындағы №26-шы нүктеде жазаларын өтеді.

Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы сахналаған драматург М.Омарованың «CHANEL№5» деректі драмасына – аяулы арыстардың идеясына, өмірлік мұраттарына адалдық танытып, сол үшін «А.Л.Ж.И.Р.»-ге айдалып, нәзік тағдырлары тәлкекке түскен, қилы сәттерде жан сарайларына дақ түсірмей, ішкі рухының мықтылығын жоғалтпаған әйелдер бейнесі арқау болған.

Қойылым барысында кеңестік қатал жүйеден қиянат пен қорлық көрсе де, жігерлері жасымаған, болашаққа деген сенімі мен үмітін жоғалтпаған Г.Майлина, Д.Ермекова, Ж.Шанина, Н.Сац, Р.Мессерер-Плицеская, К.Андронникашвили, А. Тимирёва, Г.Платайс сынды азаматтарына адал аяулы арулар – бастарынан небір нәубетті, қуғын-сүргінді өткереді.

А.Л.Ж.И.Р. арулары өздерінің шынайы естеліктерімен, өмірлеріндегі сәулелі сәттерімен, шұғылалы шақтарымен бөліседі. Олар небір аласапыран шақтарда да өз бойларынан адалдық пен тазалықты, мейірім мен махаббаты, өмірге деген іңкәрлік пен құштарлықты жоғалтпайды. Жасампаздықты ту еткен әйелдер – көрерменді рухани құндылықтардың, еркіндік пен азаттық секілді киелі ұғымдардың тереңіне бойлатады.

Олардың қилы тағдырлары, ұлт болашағына деген асқақ сенімдері халқымыздың тарихына мәңгі жазылып қалған қастерлі аманат секілді.

Спектакльдің премьерасы 2021 жылдың 17, 18, 19, 20, 21 желтоқсан күндері өтті.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б