?Алғыс хатта:
— «Құрметті Музыкалық жас көрермен театры!
Қадірлі Асхат Максимұлы!
Елордамыз Астананың төрінен айдынды Атырауға арнайы келіп өткізген өнер сапарларыңыздың сәтті өтуімен құттықтаймын. Бірнеше күн бойы Жайық жағасындағы талғампаз көрерменнің көңілінен шыққан тамаша туындыларды сахналадыңыздар. Әсемдік пен адалдықты, ізгілік пен мейірімді насихаттаған қастерлі миссияларыңыз әрдайым оң болсын!
Театр құрамындағы талантты жастардың көптігі, әрбір өнерпаздың сегіз қырлы бір сырлы кәсіби шеберлігі бізді тәнті етті. Тәрбиелік мәні зор, эстетикалық құны жоғары дүниелерді көрермен назарына ұсына білдіңіздер.
Театр атты бекзат өнердің тылсым сыры мен биік белестерін бағындыра берулеріңізге тілектеспін! Қазақ өнерінің әлем алдында мерейі үстем болуына Сіздердің зор үлес қосатындарыңызға сеніміміз мол.
Ұжым мүшелеріне зор денсаулық, береке-бірлік, отбасы шаттығын, шалқар шабыт тілеймін!
Құрметпен, Атырау облысының әкімі С.Ж.Шәпкенов.» – деп жазылған.
?Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкенов мырзаға және барша атыраулық тұрғындарға зор алғысымызды білдіріп, бақытты да баянды өмір, жемісті еңбек пен әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз!