Демалыс күні балалармен бірге Астанадағы Музыкалық жас көрермендер театрына барып, “Мәншүк” қойылымын тамашаладық.
Белгілі режиссер Асхат Максимұлы ағамыз сахналаған бұл қойылымның сценарий авторы жазушы Мағира Қожахметова екен.
Басты рөлді сомдаған қыздың әртістік шеберлігі айрықша екен. Жалпы барлық әртістер өз бейнелерін керемет сомдап шықты деп айтуға болады.
Режиссер қойылым барысында соғысқа барған ақын-жазушыларды да барынша қамтуға тырысыпты.
Мұнда соғыс тақырыбындағы әндер де барынша шырқалады. Тіпті шағын концерттей әсер қалдырады. Өте күрделі классикалық, тіпті дәстүрлі әндерді де жас әртістер ғажап орындап шықты.
Кәсіби әншілерден кем емес, тіпті кейде артық орындады.
Қойылым отаншылдық рухымызды оятты, жан-дүниемізді тебірентті, Кеңес үкіметінің сұрқия саясатын әшкерелеп, сұм соғыстың салдарын сездірді. Әсіресе, балалардың санасына үлкен серпіліс берді.
Бәрін айтып қойсам, ол да жарамас. Міндетті түрде барып көріңіздер. Осы күндері Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлы туралы, Әлия Молдағұлова туралы қойылымдар жүріп жатқан көрінеді. Орайы келсе, балаларды алып бару керек екен деп қалдым.
журналист