2024 жылдың 3-ші маусымынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.