Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры – Мәскеу қаласында

  Елордамыздың Мәскеудегі өнер мен мәдениет күндері шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры – Мәскеу қаласындағы режиссер-реформатор А.Васильев негізін салған “Школа драматического искусства” (ШДИ) театрында өнер көрсетті.

 

Екі күн қатарынан әлемге танымал режиссер-реформатор Анатолий Васильев негізін салған “ШКОЛА ДРАМАТИЧЕСКОГО ИСКУССТВА” (ШДИ) театрында қойылымдарымызды көрермен назарына ұсындық.

 

Атап айтсақ, 31 шілде мен 1 тамыз күндері Мәскеу мемлекеттік “Школа драматического искусства” (ШДИ) театрында Музыкалық жас көрермен театры “Қыз Жібек” этно-фольклорлық мюзиклі мен Д.Исабековтің “Гауһартас” музыкалық драмасы мәскеулік көрермен жүрегіне жол тапты.

 

Екі қойылымға да ұлттық рухани құндылықтарымыз арқау етілген. Ұлттық мінез бен болмыс-бітім, қазақтың рухы бар спектакльдерімізді мәскеулік көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Ұлттық сахна өнерінің қыр-сырын танытқан Мәскеудегі өнер сапары – театрымыздың артистеріне де шығармашылық серпін берді.

 

“Школа драматического искусства” (ШДИ) театрындағы әріптестерімізбен 3 күн бойы кәсіби тәжірибе алмастық. Театрдың көркемдік жетекшісі И.Яцко мен театр директоры О.Соколовамен болашақ шығармашылық біріккен жоспарлар хақында келісім кеңестер жүргізілді.

 

Құрылғанына төрт жыл болған, репертуарында 24 қойылымы бар театрымыздың Мәскеуде өнер сапарының өтуіне қолдау білдірген Астана қаласы әкімдігі, мәслихат пен мәдениет басқармасына, Қазақсттанның Ресейдегі елшілігіне мен Мәскеу қаласының үкіметіне де алғыс айтамыз!

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б