Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз.
Бүгінгі таңда елдің төрі – елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.
Нұр-Сұлтанның қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқағандайсың.
Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі.
Сүйікті қаламыз – ару Нұр-Сұлтан қаласы көркейе берсін!