АЛҒАШ РЕТ МОНОСПЕКТАКЛЬ САХНАЛАНДЫ

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында алғашқы рет Қанат Жүнісовтың «ӘМІРЕ» моноспектаклі сахналанды.

 

Осы жанрда сахналанған қойылымға ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың өнері мен өмір жолы арқау болған.

 

1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне алғаш қатысқан қазақтың халық әншісі, кәсіби қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі Әміре Қашаубаевтың дала сахнасынан басталған шығармашылық жолы, зұлмат заман мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянаттың қақтығысы бейнеленген.

 

Қазақ дәстүрлі ән өнерінің тарихында ғажайып орындаушылық шеберлігімен өшпес із қалдырған Әміре Қашаубаев – ұлт мақтанышы. Әміре әндері – ұлтымыздың рухани құндылығы.

 

Әміре Қашаубаев бейнесінде – Оразалы Игілік

Қойылым режиссері – Асхат Маемиров

#5театрмаусымы

#мтюзастана

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

@kanat_zhunusov

@orazaly_igilik

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б