Мәскеудің Астанадағы күндері аясында елорданың Музыкалық жас көрермен театрында ресейлік театр және кино актері, режиссер, Ресей Федерациясының халық әртісі Александр Галибинмен кездесу өтті.
Кездесуге қаладағы театрлардың өкілдері мен болашақ актерлар қатысты. Танымал режиссер астаналық студенттерге шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Аталмыш кездесу Мәскеудің Астанадағы күндері аясында мәдениет саласында тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шаралардың бірі болды.
Сөз соңында Ресей Федерациясының халық әртісі Астана туралы өз ойымен бөлісті:
«Астанаға бірінші рет келуім емес. Мен бұл қалаға ғашықпын. Елорда маған ұнайды. Ол – талантты жастарға толы жас қала. Менің ойымша, болашақ – соларда», – деп сөзін түйіндеді Александр Галибин.
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov
@masterskaya.galibin