
Астана қаласы әкімдігінің
«Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК
Авторы: Қанат Жүнісов
«ӘМІРЕ»
/музыкалық драма/
Қойылым тобы:
Сахналық нұсқасын жасаған және
қоюшы-режиссері
- Асхат Маемиров,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Костюм суретшісі
- Айдана Еңгебай
Қоюшы балетмейстері
– Айгүл Амандықова
Жарық қою суретшісі
- Ермек Мұхтарұлы
Дыбыс режиссері
- Жанғали Темірғалиев
Режиссердің ассистенті
– Аман Ғұмаров
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
- Әміре Қашаубаев ролінде – Оразалы Игілік, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
- Мұстафа Шоқай – Аққанат Қуандықов.
- Мария Шоқай ролінде – Калима Наушабаева.
- Жұмбақ кісі (НКВД тыңшысы) ролінде – Мақсат Қабдеш.
- Француз дыбыс режиссері – Абзал Арапов.
- Муза – Арелана Амангелді.
Музыкалық драма– театр саласындағы ерекше жанр. Өнер жолы – ауыр жол. Өнерпаздың өмірі – өнері. Оның өнеріне шек қою – өміріне шек қоюмен бірдей. Өзі өлсе де өнегесі өлмейтіндер бар.
Өнерпаздың жеке басының трагедиясы, өнерді шектеу, сирек туатын дарынды тұсау – тұтас бір ұлттың өнерін қорлау.
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан қазақтың тұңғыш халық әншісі, қазақ театрының алғашқы актері Әміре Қашаубаевтың тағдырына арналған туындыда тобыр мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянаттың қақтығысы бейнеленген.
Спектакльдің премьерасы 2024 жылдың 15 қараша күні және 2 желтоқсан 2025 жылы өтті.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 15 минут

Русский
English
