/музыкалық драма/
Қойылым тобы:
Қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Музыкалық кеңесші – Димаш Құдайберген
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші – Алма Сырбаева
Музыкасын жазған – Бауыржан Ақтаев
Балетмейстері – Шырын Мұстафина
Хормейстері – Ғалымжан Берекешев
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Абай – Аян Өтепберген,
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Аман Ғұмаров
Дінислам Нұрмағанбетов
Тоғжан – Арелана Амангелдиева
Диана Асқар
Жансұлу Төлегенова
Құнанбай – Берік Айтжанов,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алтынбек Аманқұлов
Расул Усманов
Ұлжан – Самал Еслямова,
71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ләйлә Темірхан
Оспан – Асылхан Төлепов,
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Жасұлан Абдрахман
Аққозы – Сұлтан Кеңшілік
Ерназар Жаңатілек
Ербол – Армат Амандықов
Саламат Мұқашев,
«Сахнагер-2018» Ұлттық театр сыйлығының иегері
Керімбала – Таңшолпан Нұртілеуқызы
Дана Верещак
Жырау – Оразалы Игілік
Армат Амандықов
Жазмыш – Сабира Сүгірова
Альбина Хамидуллина
Жеңге – Замира Сапар
Лаура Аязбаева
Смағұл – Мағжан Омар
Ақсақал – Шалқар Мұралтай
Дүйсен – Азамат Болатов
Ермахан Аймахан
Асан – Еламан Иманбаев
Көпшілік сахнада – театр артистері
Адамзат тарихындағы біртуар тұлғалардың болмыс-бітіміндегі жасампаз рух – балалық шақтан бастау алады. Жас ұрпақтың дүние танымына, жан дүниесіне, рухани болмысының қалыптасуына әсер ететін «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасына Абай ғұмырының бозбала кезеңі арқау болды.
Жас Абайдың жүрегінде оянған алғашқы махаббаты, көкірегінде туған тұңғыш жыры әуезді әнге айналып, ішкі сезім тебіреністерін аласапыран күйге салады. Тоғжанға деген іңкәр сезім – өмірге деген құштарлыққа ұласып, Абайдың адамзатқа деген асқақ махаббатының темірқазығына айналды. Құнанбайдай әкенің тағылымы, Ұлжандай ананың өнегесі, қоршаған ортаның тылсым сыры, ғашықтықтың ғаламаты, дос пен бауырдың қадірі жас көрерменнің жанына рухани ләззат сыйлап, санасына көркем көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Абай поэзиясындағы ойлы жырлар мен есті әндер орындалатын қойылымда ұлттымыздың құндылықтары сахна биігіне көтеріледі. Халықтық сана, ұлттық тәрбие, бабалар дәстүрі, ұлы дала ұлағаты – ғашық Абайдың жан сүзгісінен өтіп, жас суреткерді «Сүйесің жүрек, күйесің» деген ұғымдарына қарай жетелей береді. Жас Абайдың әлемі – көрерменге «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» екендігін ұқтырады.
Спектакльдің премьерасы 2020 жылдың 14 желтоқсан күні өтті.