9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске аламыз.

Осыдан 77 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді. Осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жақсы көңіл – күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке – бірлік тілейміз!

Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және театр ұжымы.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б