Мерекелік шарада «МТЮЗ-2022» дипломдары өз иегерлеріне табысталды

 

Кеше, 27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне орай Музыкалық жас көрермен театрында «Театр әлемі» мерекелік-концерт қойылымы өтті.

Мерекелік-концерт қойылымына Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері Меруерт Өтекешева мен белгілі актер әрі режиссері Данияр Базарқұлов, театрымыздың белді актрисасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова қатысып, сахнаға көтеріліп жас артистерді төл мерекелерімен құттықтады.

Ал «Театр әлемі» мерекелік-концерт қойылымының соңында Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы театр ұжымының бір жылдық жұмысын  қорытындылап, әртүрлі номинациялар бойынша диплом табыс етті.

   «МТЮЗ-2022» дипломының иегерлерін атап өтейік:

  1. «Үздік режиссура» – Ерназар Жаңатілек.
  2. «Үздік ер бейнесі» – Оразәлі Игілік.
  3. «Үздік әйел бейнесі» – Самал Еслямова.
  4. «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» – Сұлтан Кеңшілік.
  5. «Екінші пландағы үздік әйел адам бейнесі»-Мақпал Дүйсен.
  6. «Үздік эпизодтағы ер адам бейнесі»-Саламат Мұқашев.

7.«Үздік эпизодтағы әйел  адам бейнесі»-Дана Верещяк.

  1. «Үздік ввод»- Қазыбек Есқара.
  2. «Үміт номинациясы»- Жасұлан Әбдірахман.
  3. «Көрермен көзайымы»- Аққанат Қуандықов, Жансұлу Төлеген.
  4. «Үздік шығармашылық қызметкер»- Мекан Джумабаев.
  5. «Үздік техникалық қызметкер»- Сабина Ілиясова.
  6. «Үздік дебют»- Шынар Қалдыбай.
  7. « Сахналық Шынайылық»- Инабат Ризабекова.
  8. «Жаңа толқын»- Нұржас Садырбай.
  9. «Кешікпейтін актер»- Ернар Мұхамбет.
  10. Жыл композиторы»-Бауыржан Ақтаев.
  11. «Үздік дирижер»- Руслан Баймурзин.
  12. «Актерлік ансамбль» – Дінислам Нұрмағанбетов, Арелана Амангелдиева.
  13. «Үздік сахналық ізденіс» – Гүлдана Әбдісадық.
  14. «Жаңа есім»- Бибол Байғараев, Мухамедсайд Бағашаров.

 

muzteatr.kz

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б