Кеше 18-ші наурыз күні 22 жылдық тарихы бар І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұжымы киелі ордамызға арнайы ат басын бұрды.
Бүгінгі күн ертең тарих болып қаларлығы сөзсіз. Шарада І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының директоры Ә.Мырзаханмен театрымыздың директоры А.Маемиров екі жақты шығармашылық меморандумға қол қойды.
Меморандум қос театр мәдениет және өнер саласындағы ақпараттармен алмасуға, гастрольдік қызметте, жарғылық міндеттерді шешуде, бір-біріне жәрдемдесу, ақпарат алмасу, идеялар, шығармашылық құрам, мәдениет, идеялық-патриоттық және ағартушылық қызмет саласындағы бірлескен іс-шараларды іске асыру түрінде көмек көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ театр жарғыларына қайшы келмейтін басқа да көмек көрсету болып табылады.
Екі театр арасында мығым қарым-қатынас орнап, одан әрі үлкен белестерді бағындыратын, жаңа туындыларды сахналайтын әрі шығармашылықтың дамуына керемет мүмкіндік туды. Алдағы уақытта театр өнері саласы одан әрі өркендеп, сәтті қойылымдар көп болып, халқымыздың рухани азық алуына үлес қосып іскерлік қарым-қатынастың арқасында қос театр да көптеген жетістіктерге қол жеткізеді деген ойдамыз.
Шара соңы артистердің әуелеген әндеріне ұласты.