Бүгін 27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне орай, театр ұжымы және бір топ артистер Алғыс хаттармен марапатталды
Алғыс хатты театрымыздың директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы табыстады.
Алғыс хаттың алғашқы легі Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Бердіқұлұлы Мейірманқұловтың атынан келді.
АЛҒЫС ХАТТА:
– «Құрметті Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Театр – адам жанының айнасы, рухани азық берер киелі өнер, уақыттың сынынан өткен, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құнды мұра. Әрбір қойылым – көрерменге ой салар, сезімін тербетер ерекше сәт.
Сахнада шынайылық пен сұлулықты сомдап, көрерменнің жүрегіне жол таба білетін театр ұжымына шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!
Өнерлеріңіз өрлей берсін, Әрбір қойылымдарыңыз көрерменнің көңілінен шығып, театр әлеміне жаңа биіктер әкелсін!
Құрметпен, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ж. Мейірманқұлов», -деп жазылған.
Содан соң, Қазақстан театрлар ассоциацисының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері А.Әшімовтің атынан да Алғыс хаттар табысталды.