2024 жылдың 28 қазан мен 3 қараша күндері аралығында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалі өтетінін хабарлаймыз.
Биыл үшінші мәрте Астана төрінде ұйымдастырып жатқан бұл халықаралық фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалінің мақсаты – көрермендерді жазушы-драматург Роза Мұқанованың шығармашылығымен таныстыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және театр өнеріне жаңа серпін беріп өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov
@roza_muqanova