2023 жылғы мамырдың 25-і мен маусымның 1-і аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы А.П.Чехов атындағы XVI  Халықаралық театр фестиваліне еліміздің атынан қатысып, зор абыройға бөленген Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымын бүгінгі таңдағы жетістігімен Музыкалық жас көрермен театры ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

?Театр атты бекзат өнердің тылсым сыры мен биік белестерін бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Алдағы уақытта да қазақ өнерінің әлем алдында мерейі үстем болуына Сіздердің ұжымның зор үлес қосатынына сеніміміз мол.

?Қазақ сахна өнерін зор абыройға жеткізген «Құлагер» спектаклінің авторы Алаштың аяулы перзенті, ақын Ілияс Жансүгіров, ал режиссері Елімізге кеңінен танымал театр режиссері Фархат Молдағали.

?Әріптестерімізді, ұжым мүшелеріне зор денсаулық, береке-бірлік, отбасы шаттығын, шалқар шабыт тілейміз!

? Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және театр ұжымы.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б