Афиша
Текущая афиша
ЖАҢАЛЫҚТАР
5 жылдық мерейтойды ашқан «Шәкәрім»
Биыл Музыкалық жас көрермен театрына 5 жыл толып отыр. Осы шағын ғана уақыт ішінде театр жас көрерменге ғана емес, кең аудиторияға арналған мазмұнды, ойлы әрі көркем қойылымдарымен танылып үлгерді. Мерейтой аясында театр ұжымы бір апта бойы MTUZ Fest деп аталатын ішкі фестиваль ұйымдастырып, өздерінің шығармашылық ізденістері мен көркемдік деңгейін сарапқа салуда. Аталған фестивальдің шымылдығын ашқан […]
Елордада «Әміре» музыкалық драмасының премьерасы аншлагпен өтті
Еуропаның қақ төрінде тамылжытып ән салған Әміренің өмірі, өнері – бар қазаққа өнеге. Тамылжыған әні Парижді тамсандырған әнші жайлы тарихтан оқып, патефоннан даусын естігенімізбен, өмірімен өрілген ерек өнері туралы білетініміз аз. Сол азды бүгін Астанадағы Музыкалық жас көрермен театры толтырды. Жезтаңдай әнші Әміре Қашаубаевтың Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына орай […]
Астанада әлеуметтік драма жанрында «Екі ғұмыр» қойылымының премьерасы өтті
Астана қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Музыкалық жас көрермен театры» әлеуметтік драма жанрында «Екі ғұмыр» атты жаңа қойылымының премьерасын қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Екі ғұмыр» – қазіргі қоғамда жиі кездесетін әлеуметтік түйткілдер, отбасы ішіндегі күрделі қарым-қатынастар мен адамгершілік таңдауларды терең бейнелейтін мазмұнды драма. Қойылым ел алдында сыйлы азамат Жұмағұл […]
Мекенжай
Астана қаласы
Ж.ОМАРОВА, 47Б
Байланыстар
Телефоны:
+7(172)-57-25-47
mtuzkz@gmail.com
Жұмыс уақыты
Дс-жм
10:00 – 18:00

Русский
English





























