Ғалия Абдуллақызы Налибаева

 

Ғалия Абдуллақызы Налибаева – Мамандармен жұмыс жүргізу және құжаттаманы қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

1988 жылы 1 мамырда Түркістан облысы, Шымкент қаласында дүние келген.

2010 жылы Астана қаласындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы Қарағанды облысындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолы:

2007-2010 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету  орталығыннан бастаған.

2010-2012 жылдары Астана қаласының ІІМ «Ақпараттық – өндірістік орталығы»  МРК – да  Өңірлік пайдаланушыларды сүйемелдеу бөлімінің инженері болып жұмыс атқарған.

2012 – 2014 жылдары ҚР  ІІМ «Ақпараттық – өндірістік орталығы»  МРК-нің Алматы қаласындағы филиалында қызмет атқарған.

2014-2020 жылдары ҚР  ІІМ «Ақпараттық – өндірістік орталығы»  МРК-нің Шымкент қаласындағы филиалында қызмет атқарған.

2020-2023 жылдары КЕАҚ «Мемлекеттік корпаорациясының «Азаматтарға арналған үкімет» Астана қаласы бойынша филиалының  Кадр жұмысы басқармасында сарапшы болып жұмыс атқарған.

 

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Мамандармен жұмыс жүргізу және құжаттаманы қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б