Айгүл Сұлтанқызы Амандықова – бас балетмейстер.
1993 жылы 19 тамызда дүниеге келген.
2001 жылы Шымкент қаласындағы Мейір Балет мектебіне түсіп, 2009 жылы «Хореография» мамандығы бойынша бітірген.
2012-2016 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Өнер Университетін «Хореография» мамандығы бойынша бітірген.
Атқарған жұмыстары:
2009-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Опера және Балет театрында «балет артисті» жұмысын атқарған.
Қатысқан спектакльдері: «Қыз Жібек», «Щелкунчик», «Травиата», «Доктор Айболит», «Қар ханшайымы», «Аршин мал алан».
2015 жылы Астана қаласында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында балетмейстер болып жұмыс атқарған. Жұмыстары: «Жануарлар әлемі», «Қызыл телпек» ертегілері.
Бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрында» бас балетмейстер болып жұмыс атқарады.
Жұмыстары: «Сылаң қыз», «Әміре» , «S.О.S»