Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2024 жылдың 23, 24 қазан күндері сағат 19:00-де Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы желісінде сахналанатын «Қызжылаған» атты музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады.
Қоюшы режиссері – Абзалбек Максим.
Сынақ алаңына айналған дүниежүзіндегі ең ірі – Семей полигоны. Радиация – қасиетті жерді улады, кемтар балалар дүниеге келді.
«Мәңгілік бала бейнесі» – күллі қазақ жұртының ауыр қайғысын арқалап, мұңын жамылған шығарма. Ләйлә – атом зардабы емес, адам қолы жасаған қиянаттан өлім құшқан қыз.
Жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» пьесасы негізіндегі қойылым – «Қызжылаған» жас режиссер Абзал Максимнің режиссерлік шешімімен ерекшеленеді.
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov
@maximabzalbek