Ұлттық арна мен театр көрермендері үшін қуанышты хабар— «Көршінің қызы» телехикаясы жаңа маусымда көгілдір экранға жарыққа шықпақ. 40 бөлімнен тұратын романтикалық-отбасылық телехикая “Айару” мен “Айбар” есімді көрші қыз бен көрші жігіттің махаббат хикаясынан сыр шертеді.
Қалада оқитын, шетелде білім алуды армандайтын ерке қыз Айарудың рөлін театрымыздың актрисасы, “Тоғжан”, “Сағыныш”, “Катя” рөлдерімен көрермен көзайымына айналған – Арелана Амангелді ойнаса, сегіз қырлы бір сырлы Айбардың рөлін, “Күрескер Шәмші”, “Әскербек”, “Селестен/Флоридор” рөлдерімен театрсүйер көрерменге танылған – Ернар Мұхамбет сомдайды.
Ауылдың өмірінен сыр шертетін «Көршінің қызы» телехикаясы, ұлттық арнаның жаңа маусымында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov
@qazaqstantv
@arelanaa
@ernar_mukhambet