27 наурыз – Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Театр өнеріне айтулы үлесін қосып жүрген барша әріптестерді 27 наурыз – Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Сіздер өз өнерлеріңіз бен кәсіби біліміңіз арқылы халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып және театр сахнасының құндылықтарының дамуына зор үлес қосып келесіздер. Ел мәртебесін асқақтату жолында алға қойған мақсаттарыңыздың жүзеге асуына шын жүректен тілектеспіз!

 

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өнерге деген шексіз махаббат пен толағай табыстар тілейміз! Шығармашылыққа жетелер шабыттарыңыз еселеніп, жеңісті күндеріңіз молынан болсын!

 

Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және театр ұжымы.

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б