«SHOCK ҚЫЗДАР» комедиясында күтеміз! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!

    Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2024 жылдың 4,5 және 11,12 сәуір күндері сағат 19:00-де авторы белгілі американдық продюсер, режиссер Кен Людвигтің «SHOCK ҚЫЗДАР» атты комедия жанрындағы қойылымының премьерасына шақырамыз. Қоюшы режиссері – Ерназар Жаңатілек.

Ал, туындыны қазақ тіліне аударған драматург, Қуат Ежембек.

Қойылымдағы Лео мен Джек есімді артист кейіпкерлер олар жас, талантты, бірақ өте кедей болады. Аталған екі дос газеттен кездейсоқ бір қарт миллионердің балалық шағында жоғалған жиендерін іздеп жүргенін оқып қалады да, бұл олардың жалғыз мүмкіндігі екенін түсініп тәуекелге бел байлайды.

Facebook, instagram, tik tok – қазіргі адамдарға ақша табу, байлыққа кенелу, танымал болудың Тәуекелге бел буғандар махаббатқа қалай, қашан, қайда жолықты.

Куә болғыңыз келе ме?

Музыкалық жас көрермен театрында «SHOCK ҚЫЗДАР» комедиясына келіңіз!

Қойылым тобы: Қоюшы-режиссері – Ерназар Жаңатілек, Сценография және киім суретшісі – Арна Алпыспаева, Дыбыс режиссері – Сабина Ильясова, Композиторы – Ербол Нариманұлы, Жарық қою суретшісі –Айдын Досаев, Қоюшы балетмейстер – Камила Бузанова, Режиссердің көмекшісі – Еламан Иманбаев.

Орындаушылар: Лео – («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері) Асылхан Төлепов, Әлихан Әлішер, Абзал Арапов, Джек – Ақеділ Иманғали, Сұлтан Кеңшілік, Талғат Кеңес, Мэг – Арелана Амангельдиева, Аяжан Бағдат, Мөлдір Әбілтаева, Одри – Жанель Есенгельдина, Гүлден Құрмет, Жансұлу Төлеген, Дункан – Ернар Мұхамбет, Қазбек Есқара, Сүндетхан Дүйсехан, Флоренс Снайдер – Айдана Жетешова, Меруерт Танашева, Қалима Наушабаева, Доктор Майерс – Мақсат Қабдеш, (Мәдениет саласының үздігі) Асхат Мұсағалиев, Армат Амандықов, Буч – Мағжан Омар, Бибол Байғараев, Ильясхан Алимов.

Құрметті БАҚ өкілдері! «Музыкалық жас көрермен театрының» өнерін тамашалап, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры»

Күні: 4,5 сәуір 2024 жыл

Уақыты: 19:00

БАҚ бөлімі: Әділғазы Бақытұлы +7 707 955 76 26, Аида Мұхсымова +7 707 409 13 65.

E-mail: mtuzpressa@gmail.com , adik_1984@mail.ru

Мекен-жайы: Астана қаласы. Ж.Омаров көшесі 47Б.

Билет бойынша:

8 (701) 149-09-01

(10:00-18:00)

Ақпарат бойынша:

+7(7172)-57-25-47

Дс-жм / 10:00-18:00

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

@yernazar.zhanatlek

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б