Музыкалық жас көрермен театрының артистері “ESIL” университетінің студенттерімен “Алғыс айту – сыйластық құндылығы” атты бағдарламасына қатысты

1-наурыз – Алғыс айту күніне орай, Музыкалық жас көрермен театрының артистері “ESIL” университетінің студенттерімен “Алғыс айту – сыйластық құндылығы” атты сазды тағылымды кездесуге қатысты.

 

Шара қонақтары ретінде қатысқан әріптестерімізді атап өтсек, театрымыздың ерлі-зайыпты отбасы Ернар Мұхамбет & Шынар Қалдыбай, ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері Дінислам Нұрмағанбетов пен жақында премьерасы өткен “Қоштасқым келмейді..” қойылымының басты кейіпкері “Катя”-ны сомдаған Жанель Есенгельдина және “Братья”, “Игрок”, фильмдерінде басты рольді сомдаған Әлішер Исмаилов қатысты.

 

Шара барысында аталған университеттің студенттері қойған сұрақтарға театрымыздың артистері алма-кезек жауап берді. Кездесу еркін форматта өтті. “Қонақ кәде”-деп сұраған белсенділерге “Гауһартас” қойылымында үш мәрте түрлі бағытта орындалатын, “Келші айым” әнін Ернар Мұхамбет орындаса, Әлішер Исмаилов орыстың ұлы ақыны Сергей Есениннің шығармаларынан үзінді оқып берді.

 

Шара соңында, кездесуге келген театрымыздың артистеріне естелік сыйлықтар табыстады.

 

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

@esil_university

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б