ДОСТАР, СҮЙІНШІ!!!«ГАУҺАРТАС» МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМАСЫ «UMAI-2023» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

 

?Бүгін Астанада «Астана Опера» театрының сахнасында өнер саласының үздіктері анықталып, шығармашылық ұжымдар мен сала қайраткерлеріне «Umai-2023» ұлттық сыйлығы табысталды.

?«Umai-2023» ұлттық сыйлығының салтанатты рәсімін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашып, байқаудың барлық қатысушысын құттықтап, өнер саласының өкілдеріне үлкен шығармашылық жолда жаңа жетістіктер тілеп және «Театр өнері» номинациясы бойынша: «Үздік спектакль» (музыкалық драмалық) «Гауһартас» Д.Исабековтің (қоюшы режиссері – Асхат Маемиров) Музыкалық жас көрермен театры ұжымын марапаттады.

?Сонымен қатар, министр Аида Ғалымқызы ұжымға ақшалай сыйлық (7 000 000 теңге) сертификатын табыстады.

?Дарынды шығармашыл ұжым мен тұлғаларды қолдап және ынталандырып жатқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреміз. Сондай-ақ «Umai-2023» сыйлығы жаңа жасампаз буынды ынталандырып, еліміздегі өнердің әрбір бағытын дамуын жеделдетуші, ұлттық мәдени капиталын нығайтатынына сеніміміз мол.

?Музыкалық жас көрермен театры ұжымын бүгінгі үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуымыз, бағындырар шыңымыз көп болсын!

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б