Осыдан дәл 3 жыл бұрын, 2020 жылдың 1 қазаны күні Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры өзінің ең алғашқы жұмыс күнін бастаған еді.
Ал театрдың тұсауы 14 желтоқсан күні кесіліп, сахна шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашылған еді.
Осы уақытқа дейін 200 мәрте спектакль ұсынып, қойылымдарды 40 000 (қырық мың) көрермен тамашалаған екен.
Көрермен ықыласына бөленген Д.Исабековтің «ГАУҺАРТАС» музыкалық драмасын 6 айдан астам уақыт ішінде 85 мәрте көрермен назарына ұсынылды!
Үш жыл артта қалды…
Театр репертуарында 17 спектакль бар. Ал, қазіргі таңда жаңа қойылымдардың әзірліктері жүріп жатыр.
ТЕАТРЫМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Ұжымның әрбір мүшесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар, биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!
- ТЕАТРДА КЕЗДЕСЕЙІК, МӘРТЕБЕЛІ КӨРЕРМЕН!