Музыкалық жас көрермен театрының IV маусымы ашылуында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі ұсынылды

Қазақстан Республикасы Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының IV маусымы «Гауһартас» музыкалық драмасымен ашылды.

 

Маусымның ашылуына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева, Астана қаласы әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек және еліміздің бір топ шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қойылым басталар алдында, театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы Маемиров, сахнаға көтеріліп:

– «Бүгінгі театрымыздың аса қадірлі қонақтары! Сіздерге «Гауһартас» музыкалық драмасының 75-ші қойылымын назарларыңызға ұсынамыз. Осы қойылымның дүниеге келуіне себепкер болған бірден-бір тұлға, ол – қазақ драматургиясы мен әдебиетінің мэтрі Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, драматург, Дулат Исабеков ағамыз. Сонымен қатар, залымызда театрымыздың жанашырлары және ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы бар. Осы орайда, театрымыз кезекті еңбек демалысында болған кезде, ғимаратымызды жаңғыртып, жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мұрындық болған Елордамыздың әкімі Жеңіс Махмұдұлына ұжымымыздың атынан алғысымызды білдіреміз. Барлықтарыңызға жақсы күндерде жолығуды тілеймін!»,- деп, барша көрерменге алғысын білдірді.

Ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында премьерасы өткен «Гауһартас» музыкалық драмасының 75-ші мәрте көрсетіліміне арнайы Алматыдан ат арытып Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург қойылымның авторы Дулат Исабеков те қатысты.

Қойылымның соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі ұсынылды.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан ұсынылған ықылас гүлі – театрымыздың жас артистеріне қанат бітіргенін, үлкен шығармашылық серпін бергенін атап өтуіміз қажет!
Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б