Қадірменді сүйікті біздің көрермен!
27-ші шілде күні Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры өзінің ІІІ ТЕАТР МАУСЫМЫН М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен салтанатты түрде жапты.
Биылғы жыл театр ұжымы үшін табысты жыл болды.
Қадірлі көрермен, сіздердің шексіз махаббаттарыңызға бөлену біздің басты жетістігіміз болып табылады!
Шын көңілден баршаңызға алғыс білдіреміз!
Осы маусымда 186 мәрте спектакль ұсынып, қойылымдарды 35 000 (отыз бес мың) көрермен тамашалаған екен.
Көрермен ықыласына бөленген Д.Исабековтің «ГАУҺАРТАС» музыкалық драмасын 4 айдан астам уақыт ішінде 73 мәрте көрермен назарына ұсынылды!
Бір жыл бойы бізбен бірге болған патша көңілді көрермен қауымға мың алғыс айтамыз!!!