Қадірменді біздің сүйікті көрермендеріміз!
Музыкалық жас көрермен театры ІІ маусымын «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен қорытындылап, шымылдығын жапқанын хабарлаймыз!
Айта кетейік, ІІ маусым 2021 жылдың 15 қазан күні дәстүрлі түрде «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашылған болатын.
Қойылым саны – 112.
Көрермен саны – 13821.
Тегін көрсетілген қойылымдар саны – 49.
Тегін тамашалаған көрермен саны – 7307.
Өткен маусымның тағы бір жетістігі, мекемеміздің заңды түрде электронды билет сату құқығына ие болып www.ticketon.kz сайты арқылы көрермен өздеріне қажетті орындарын таңдап сатып алуларына қол жеткізді.
Жаңа қойылымдардың(ПРЕМЬЕРА) саны – 7!
Келесі маусымда амандықта жолыққанша!