Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын реттеу ережесімен таныстырды
Кеше 31- ші тамыз күні Музыкалық жас көрермен театры ұжымының қызметкерлерін комплаенс-офицері Бақытжамал Есеналиқызы «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделер қақтығысын реттеу ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Оның айтуынша, қызметкердің мүдделер қақтығысы туралы мәліметтер ашылған жағдайда, қызметкер тікелей басшысына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметкеріне уақтылы хабарлауға тиіс.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғаның мүдделер қақтығысы туралы мәліметтер ашылған жағдайда, лауазымды тұлға ақпаратты жазбаша түрде Кәсіпорынның атқарушы органына уақтылы жіберуі тиіс. Мүдделер қақтығысының болуы мен шешілуін бақылау және үйлестіруші функциялары мүдделер қақтығысына алдын ала баға беретін, мәселенің мәні бойынша қажетті құжаттарды дайындайтын комплаенс офицеріне жүктеледі. Мәселенің мәні бойынша түпкілікті шешімді Кәсіпорынның атқарушы органы қабылдайды.
Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б