Музыкалық жас көрермен театрында мекеме қызметкерлерінің арасындағы жиналыста театр директоры Асхат Максимұлы театр ұжымын жағымды жаңалықтармен және алдағы жоспарларымен таныстырды.
Жиналыс барысында театрымыздың заңгері Бақытжамал Есеналиқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» нұсқаулықпен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын өткізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Театр қызметкерлерінің әрқайсысы, өздері үшін заңды тұрғыда алдағы міндеттерін нақты игерулеріне септігін тигізеді деген ойдамыз.