Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен болатын. Соған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында жиын өтті.
Театрымыздың директоры Асхат Максимұлы Жолдауда айтылған бірнеше тақырыптарға тоқталып, әрқайсысының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Асхат Максимұлы жастарға білімді әрі адал еңбек етудің маңызын осы жолдаумен ұштастырып, көркем бейнелі сөзбен жеткізіп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрегенділігі әрі кемел саясаты «Мен бүгінгі күні Елімнің бақытты өмір сүргенін қалаймын”-деген сөздерінен аңғарылады деп өз ойын аяқтады.
Ал театрымыздың аға буын өкілдері мен жас артистері Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.