Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен болатын. Соған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында жиын өтті.

Театрымыздың директоры Асхат Максимұлы Жолдауда айтылған бірнеше тақырыптарға тоқталып, әрқайсысының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Асхат Максимұлы жастарға білімді әрі адал еңбек етудің маңызын осы жолдаумен ұштастырып, көркем бейнелі сөзбен жеткізіп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрегенділігі әрі кемел саясаты «Мен бүгінгі күні Елімнің бақытты өмір сүргенін қалаймын”-деген сөздерінен аңғарылады деп өз ойын аяқтады.

Ал театрымыздың аға буын өкілдері мен жас артистері Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б