КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ!

Музыкалық жас көрермен театрының артисі, белгілі театр және кино актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асылхан Сайлауұлы Төлеповтің сәбиі Ақанның дүниеден өтуіне байланысты ұжым атынан туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

«Қайғыны бөліссең-азаяды, қуанышты бөліссең – көбейеді» дейді халқымыз. Әрине, сіздің отбасыңызға түскен қиын жағдай өнердегі достарыңызға, бұрыннан етене таныс, аралас-құраластығымыз үзілмеген әріптестеріңізге ауыр тиіп отыр.

Асылхан бауырымызға, «Бекем болыңыз» демекпіз!

Ата-әжесіне, әкесі мен анасына, ет жақын бауырларына жұмақтың кілтін ашар шапағатшы болсын!

Сәбидің топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай. Мейірімі мол, құдыреті шексіз жаратушы Алла Тағала алдынан жарылқағай!

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б