Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, белгілі әнші, жыршы Қатимолла Бердіғалиев «Айман-Шолпан» лиро-эпостық дастанын жырлайды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, белгілі әнші, жыршы Қатимолла Бердіғалиев «Айман-Шолпан» лиро-эпостық дастанын жырлайды.

«Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қазақтың ғашықтықты, жас­тықты, батырлықты әспеттеген әрі тұр­мыс-салт жырлары болса, дәл осы атақты дастандардан көркемдік әсер­лілігі қыл елі қалыспайтын ұзақ хикаялы жырдың бірі – «Айман-Шолпан».

Тартыс­ты оқиғаға құрылған осынау «Айман-Шолпан» лиро-эпостық дастанында қазақ халқына етжақын сүйкімділігі – онда әңгімеленетін басты кейіпкерлер — Көтібар, Арыстан, Есет, Айман, Мамандар тарихи тұлғалар. Өмірде болған адамдар.

Ал, Айман қызды соншалық ақыл­­ды, дана, ел сыйлайтын сұлу етіп көр­сету арқылы халық рухын қолдау, төмен етек­тінің ерлерге қарағанда әркез бей­біт­шілікке, ынтымаққа, татулыққа үн­дей­­тінін көрсету арқылы қазақ қыз­дарына әркез осындай болыңдар дегендей үлгі-өнегені насихаттау деп ұғу қа­жет.

Бізге Сыпыра жырау заманынан жеткен «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс образы қалай айшықталса, Айман образы да одан кем емес. Оқиға сол заманға сай теңеулермен, қисындармен жанды бейне жасайды.

Міне, биыл осы«Айман-Шолпан» лиро-эпостық дастанның дүниеге келге­ніне де 210 жыл толғалы отыр.

Қош келесіздер, қадірменді тыңдарман!!!

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.ОМАРОВА 47Б