7 Мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай, сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, денсаулық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен дастархандарыңызға ырыс-құт тілейміз.

Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!

Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және театр ұжымы.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.ОМАРОВА 47Б