Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының кешкі «1001 ТҮН» атты бағдарламасына қатысты

Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Максимұлы және жас артистеріміз «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының кешкі «1001 ТҮН» атты бағдарламасына қатысты.

Театр директоры Асхат Максимұлы тікелей эфирде өткен бағдарламаның жүргізушілері — Нартай Аралбайұлы мен Әйгерім Сейфолланың ғаламторда миллионнан астам қаралым жинаған әндер туралы, театрдың қазіргі қойылымдары мен театрда табысқан жас отбасылар туралы сұрақтарына жауап берді.

Асхат Максимұлы сұхбат барысында: — «Бүгінгі таңға дейін театр қойылымдарды 1 жыл 6 ай бойы тегін ұсынып, елордалық студенттер мен жас өспірімдердің дүниетанымын кеңейтуіне, эстетикалық талғамының қалыптасуына, адамгершілік тәрбиесінің көркеюуіне ықпал ететін қоғамдағы институт екенін дәлелдей алдық!», — деді.

Бағдарлама барысында театр артистері М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін және Ш.Қалдаяқовтың «Сағынышым менің» әндерін хормен орындады.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.ОМАРОВА 47Б