А.Н.Островскийдің «Жылы орын» қойылымы қазақ сахнасы кеңістігінде тұңғыш рет сахналанды

Кешегі премьераның шымылдығын театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы Маемиров көрерменге киелі өнер ордасына қош келдіңіздер айтып, ұлы жазушы-драматург А.Н.Островскийдің «Жылы орын» қойылымы қазақ сахнасы кеңістігінде тұңғыш рет сахналанғалы тұрғанын жеткізді.

– «Қадірменді көрермен! Музыкалық жас көрермен театрына қош келдіңіздер! Бүгін біз сіздерге ұсынғалы отырған ұлы жазушы-драматург А.Н.Островскийдің «Жылы орын» (Доходное место) әлеуметтік комедиясы қазақ сахнасы кеңістігінде бірінші рет сахналанғалы тұр.

Қоюшы-режиссері Түркіменстаннан келіп жұмыс істеп жатқан театрымыздың режиссері Мекан Джумабаев. Енді, негізінен бұл қойылым осыдан 180-200 жыл бұрынғы кезеңді көз алдымызға әкелсе де, біздің жігіттеріміз бен қыздарымыз режиссерлік, сценографиялық шешіммен актерлардың ойындары арқылы ХХІ ғасырдағы жағдайды бейнелеуге тырысты.

Әрине, көтеріліп отырған өзекті мәселелер өте ащы мәселелер. Себебі, біздің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ғана жариялаған жолдауында көрсетілген «Жаңа Қазақстанның» жаңару мен жаңғыру жолы, болмыс-бітімі, келбеті қандай болмақ?! Сондықтан, осы сұрақтарға жауап іздеп қоғамдағы өзекті мәселелерді көрсететін қойылым деп білемін! Бірге тамашалайық!»,- деді театр директоры Асхат Максимұлы.

 

muzteatr.kz

 

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б