Азат Қайратұлы Мыңбаев – актер.
1992 жылы 14 шілдеде дүниеге келген.
2011 жылы Құрманғазы атындағы Орал саз колледжін «Драма актері» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Жетістіктері:
2013 жылы Мәскеу қаласында VIII халықаралық студенттік театр олимпиадасында жүлдегер атанды.
2014 жылы IV Республикалық пәндік олимпиадада «Актерлік шеберлік» пәні бойынша жеңімпаз атанды.
2017 жылы Астана мюзикл театрымен Париж, Канны, Брюссель, Австрия, Мәскеу қалаларын қойылымдармен аралады. 2018 жылы дүниежүзілік Авиньон театр фестиваліне қатысты.
2021 жылы Облыстық «Майдан хаты» байқауында I орынды иеленді.
Кинодағы рөлдері:
«Жедел жәрдем» − Айжанның күйеуі.
«Аманат» − Сайқымазақ.
«Әулет» − басты кейіпкер.
«Көздеріңнен айналдым» − басты кейіпкер.
Театрдағы рөлдері:
«Қыз Жібек» − Бекежан.
«Мен» – дипломат
«Махаббат жағалауы» − Ескендір.
«Бөрте» − Белгітай.
«Шәмші» – аға лейтенант