Аян Өмірәліұлы Өтепберген– актер.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

1992 жылы 26 сәуірде дүниеге келген.

2011 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер колледжін «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыкалық драма артисі» мамандығы бойынша бітірген.

Жетістіктері:

2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері атанды.

2013 жылы «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Таймас рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен марапатталған.

2019 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Кинодағы рөлдері:

2011 жылы «Жаужүрек мың бала» − Таймас.

2012 жылы «Олимп шыңы».

2015 жылы «Қазақ елі» −Бұрындық хан.

2016 жылы «Тауталас» − Қуаныш.

2019 жылы «Томирис» − Тирас.

2020 жылы «Дала қырандары» − Қанат.

2021 жылы «Таңшолпан» − Жұлдыз.

2021 жылы «Ақжауын» − Ақжауын.

  Театрдағы рөлдері:

«Абай ­ Тоғжан» −Абай.

«Дүние­Ғапыл» − Ғайып.

«Ұлдар» − Алексей Карамазов.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б