Асылхан Сайлауұлы Төлепов – актер.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
1992 жылы 21 мамырда дүниеге келген.
2011 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер колледжін «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыкалық драма артисі» мамандығы бойынша бітірген.
Жетістіктері:
2012 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденін иеленді.
2012 жылы «Құлагер» ұлттық кино сыйлығының «Жаңа есім – Үміт» номинациясы бойынша лауреаты.
2012 жылы «Алтын адам» Ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік жас актері» номинациясы бойынша лауреаты.
2013 жылы «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.
2013 жылы Мәдениет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік стипендиясының иегері.
2016 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Театр және кино» номинациясы бойынша лауреаты атанды.
2019 жылы «Көк бөрі» фильміндегі Мақсат рөлі үшін «2018 жылдың үздік актері» номинациясы бойынша «Супер танду-2018» сыйлығының иегері атанды.
Кинодағы рөлдері:
2011 жылы «Балалық шағымның аспаны» – Ғали.
2012 жылы «Жаужүрек мың бала» – Сартай.
2013 жылы «Сұңқар» телехикаясы – Жасұлан Пошанов.
2014 жылы «Бауыржан Момышұлы» – Мәулен.
2015 жылы «Рэкетир» – Абылай.
2015 жылы «Майдангерлер» – Болат.
2015 жылы «Қадырбектің арманы» – Қадырбек.
2017 жылы «Шыңырау» – Жомарт.
2018 жылы «Қаржыгер. Кету ойыны» – Руслан.
2018 жылы «Тыныштық уақыты» – Мақсат.
Театрдағы рөлдері:
«Абай Тоғжан» − Оспан.
«ДүниеҒапыл» − Жасын.
«Ұлдар» − Николай Красоткин.
«Өлі жандар» − Павел Иванович Чичиков.