Берік Бошанұлы Айтжанов – актер.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген.
2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді.
Жетістіктері:
2009 жылы «Құлагер» кино сыйлығының лауреаты атанды.
2016 жылы «Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қоры сыйлығының «Кинематография» номинациясының лауреаты атанды.
Театрдағы рөлдері:
М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Сырым (реж. Б.Атабаев), С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Арман (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал (реж. Е.Обаев), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Сейіт (реж. Ә.Рахимов), М.Әуезовтің «Қилы заманында» Әубәкір (сахналық нұсқа Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Жарқын (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» Абай (реж.О.Кенебаев), М.Байджиевтің «Қылмысында» Темір (реж. О.Ақжарқын-Сәрсенбек), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Вершинин (ауд.Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) және музыкалық жас көрермен театрында «Абай – Тоғжан» қойылымында Құнанбайдың рөлін сомдайды.
Кинодағы рөлдері:
2005 жылы «Час волка» – Қалтай.
2005 жылы «Махамбет» – Махамбет.
2005 жылы «Застава» – Селим.
2006 жылы «Мұстафа Шоқай» – Байдрахман.
2008 жылы «Ағайынды» – Шыңғыс.
2009 жылы «Город Мечты» сериалы – Руслан.
2010 жылы «Ликвидатор» – Әрсен.
2010 жылы «Аға оралу» («Возвращение в «А») – Марат.
2011 жылы «Ағайынды-2» – Шыңғыс.
2012 жылы «Жеңіс семсері» – эпизод.
2012 жылы «Жаужүрек мың бала» – Әбілқайыр хан.
2013 жылы «Кітап» – Оңғар
2013 жылы «Тракторшының махаббаты» -«Жасұлан».
2013 жылы «Параллель әлемдер» – Жан.
2014 жылы «Дала дауысы» – Абай.
2015 жылы «Адель» – Бекжан.
2015 жылы «Аманат» – Ермұқан Бекмаханов.
2016 жылы «Анаға апарар жол» – Лұқпан.
2016 жылы «Отызда күйеуге шығу» – Қасымов.
2016 жылы «Жұлдыздар тоғысқанда» – Нұрсұлтан Назарбаев.
2017 жылы «Наурыз.kz» – эпизод.
2018 жылы «321-ші Сібір дивизиясы» – эпизод.