Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып қалалық №2 емханада қауіпті індетке қарсы екпенің үшінші компонентін салдырды.
Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы ол – ревакцинация. Соңғы уақытта әлемде де, елімізде де ауру саны қайтадан өсуде. Сондықтан театр директоры Асхат Максимұлы өнер иелерімен екпенің үшінші кезеңіне қатысып, халыққа қажеттілігін көрсетіп, ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын өз ісімен көрсетуде.
Осы ақпан айынан бастап біздің Музыкалық жас көрермен театры қойылымдарын өз көрермендеріне тарту етеді. Сол себепті көрермендердің қауіпсіздігі біз үшін бірінші кезекте. Сондықтан көрермендеріміз, қойылымды қауіп-қатерсіз, емін-жарқын жоғары көңіл-күйімен тамашалап отыруы – біз үшін маңызды. Театр басшысы ретінде өзім бастап, артистерімізбен, режиссерларымыз бүгін ревакцинация алдық. Қазіргі таңда 20-дан астам театр артисі алды. Ревакцинациядан театр қызметкерлері толық өтеді, – деді театр директоры.
Асхат Максимұлы атап өткендей, жалпы жаппай ревакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана індетті жеңетінімізді біз жақсы білеміз.
Сол себепті барлық отандасымызды, ағайынды, еліміздің азаматтарын ревакцинация қабылдауға үндейміз, – деді театр директоры Асхат Максимұлы.
Алдағы уақытта театрға көрермендердің келуіне мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сондықтан сахнада өнер көрсететін театр артистері ереже бойынша екпенің екінші кезеңнен 6 ай өткеннен кейін өздері келіпревакцинациядан өте береді. Қазіргі үкіметіміздің қойған талабына сай, көрермендердің қауіпсіздігі үшін және сахнада еңбек ететін шығармашылық өкілі иелерінің денсаулығы үшін қоғамдық ортада қауіпсіз жүру мақсатында, үшінші кезеңдегі ревакцинацияға үн қосып, вакцина компонентін салдырады.
baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/elordalyq-teatr-artisteri-revaktsinatsiyadan-otti_270309/