Авторы: Мадина Омарова
Қоюшы режиссері: Асхат Маемиров
«ШӘМШІ»
/мюзикл/
Қойылым тобы:
Қоюшы режиссері – Асхат Маемиров
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы дирижер – Руслан Баймурзин
Қоюшы хормейстер – Ғалымжан Берекешев
Музыкасын әрлеген – Әлихан Ыдырысов
Режиссердің ассистенті – Мекан Джумабаев
Хормейстер – Алтынбек Аманқұлов
Қоюшы хореограф – Елдос Оспанов
Костюм суретші – Іңкәр Каримова
Жарық суретшісі – Айдын Досаев
Дыбыс режиссері – Сабина Ильясова
Музыкалық редактор – Болат Жолдасов
Режиссердің көмекшісі – Гүлдана Әбдісадық
Музыкамен сүйемелдеуші – Камералық оркестр
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Күрескер Шәмші – Аман Ғұмаров, Ернар Мұхамбетов
Композитор Шәмші – Сұлтан Кеңшілік, Азамат Болатов
Ғашық Шәмші – Саламат Мұқашев, Ермахан Аймахан
Әкесі – Иранбек Балтабекұлы, Армат Амандықов
Анасы – Замира Сапар, Айза Зұлқарнай
Ахмет Жұбанов – Еламан Иманбаев, Абзал Арапов
Сағыныш – Сабира Сүгірова, Диана Асқар
Жарас – Ақеділ Иманғали, Сүндетхан Дүйсехан
Жарастың достары – Мағжан Омар, Сүйінбай Сағынбай
Дөкей – Ерназар Жаңатілек, Талғат Кеңес
Дөкейдің көмекшісі – Жасұлан Әбдірахман, Мағжан Омар
Мұқағали Мақатаев – Мұхамедсаид Бағашаров, Бақдәулет Оралов
Роза Бағланова – Мақпал Дүйсен, Таңшолпан Нұртілеуқызы
Әбілахат Еспаев – Аққанат Қуандықов, Дінислам Нұрмағанбетов
Төлеген Айбергенов – Дидар Төлегенов, Бибол Байғараев
Жұмекен Нәжімеденов – Шалқар Мұралтай, Әлішер Исмаилов
Ақан сері – Оразалы Игілік, Нұржан Тыныбек
Изольда – Гүлдана Әбдісадық, Дана Верещак
Янко – Қазбек Есқара, Асқар Жұмабеков
Офицер – Сүндетхан Дүйсехан, Ақеділ Иманғали
Аға лейтенант – Шыңғыс Тельманов
Полицей қызметкерлері – Айдын Қожахмет, Алмас Абденов
Көпшілік сахнада – театр артистері
Әйгілі қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклі белгілі тұлғаның күрескерлік, ғашықтық және композиторлық қырларын сахнаға шығарады. Шығармашылық иесі өмір жолында кезіккен қиындықтарды қалай қарсы алды, адам мен қоғамға деген қандай философиямен қарады, ішкі дүниесінде толқыған сезім иірімдерін, ғашықтық сырларын қалай бағындырды, осылардың барлығынан сүзіліп шығып, бұлқынып, сілкініп туған әуезді әндерді қалай дүниеге әкелді, міне, қойылымның көрерменге берер басты құндылығы осы.
Спектакль барысында орындалатын Шәмші әндерінің әрқайсысы автордың бір-бір ойы, өмірінде орын алған әр-алуан оқиғасы. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятады.
Музыкалық жас көрермен театры «Шәмші» мюзиклі арқылы өнер жолына қызығушылықпен қарайтын дарынды жасөспірімдер мен балалардың қиялын қозғап, оларды өнерге қызықтырып, қанаттандыруды мақсат етеді. Қойылымды тамашалаған жас көрермен Шәмшіге қарап, оның шығармашылығына зер салып, күрделі өмір жолындағы киелі өнердің бағасы адамзат ғұмырын арнауға тұратындай құдіретті де таза екендігіне көз жеткізеді деген сенімдеміз.
Спектакльдің премьерасы 2021 жылдың 1 наурызында өтті.